«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығы» АҚ-сы
Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметінің арасындағы Келісімді жүзеге асыру аясында Алматы облысының Панфилов ауданындағы қазақстан-қытай шекарасында «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығын құру мақсатында өмірге келген мемлекеттік компания болып табылады.
Сыртқы сауданы дамыту жөніндегі жапондық «JETRO» ұйымы ( Жапония мен өзге мемлекеттер арасындағы инвестиция салу, тарту және сауда саттықтың тиімді болуына ықпал ететін ұйым.) бастап келген 20 компаниядаң астам өкілдері жобаның тұсаукесерімен танысып, салынып жатқан халықаралық орталықтың аумағын аралап, ондағы құрылысы аяқталған нысандарды тамашалады.
Компаниялардың өкілдері Орталықтың бірінші кезеңін ашуға қажетті , негізгі инфрақұрылым нысандары құрылысының аяқталып қалғанына көз жеткізді. Сондай-ақ кездесу барысында жобаны жүзеге асыру үшін екіжақтық ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Нәтижесінде шойын, болат өнімдерінің саудасымен әлемдік деңгейде айналысатын Sumitomo Corporation , банк қызметінің барлық түрін қамтитын Sumitomo Mitsui Bank , құрлық, әуе, теңіз көліктерінің мәселесімен айналысатын Meiko Trans сынды көптеген ірі компаниялар жобаға қатысу мүмкіндігі мәселесіне үлкен қызығушылық танытты.