«Хоргос — Шығыс қақпасы» АЭА Басқарма компаниясы 2011 жылғы 21 желтоқсанда құрылған.
2011 жылғы 21 шілдеден № 469-VI «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» ҚР Заңының 18 бабына сәйкес, арнайы экономикалық аймақты басқару органының қызметтері анықталды, олар қамтиды:
- арнайы экономикалық аймақ қызметінің сұрақтары бойынша мемлекеттік органдармен өзараәрекеттесуді;
- қызметтің қосалқы түрлерін жүзеге асыратын тұлғаларға жер учаскелерін екінші жер пайдалануына (қосалқы жалгерлікке) және инфрақұрылым объекттерін жалға беру (қосалқы жалгерлікке) ұсынуды;
- қызметті жүзеге асыру туралы келісімдерді жасау мен бұзуды;
- өкілетті органға арнайы экономикалық аймақтар қатысушыларының жыл сайынғы есептері негізінде өкілетті органмен бекітілген тәртіпте арнайы экономикалық аймақ қызметінің нәтижелері туралы есеп беруді;
- арнайы экономикалық аймақ қатысушыларын тартуды;
- инфрақұрылым объекттерінің құрылысы үшін инвестицияларды тарту мен арнайы экономикалық аймақтар қызметінің басқа түрлерін жүзеге асыруды;
- арнайы экономикалық аймақ қатысушыларына берілмеген жер учаскелерінде бекітілген техникалық-экономикалық негіздеуге сәйкес, инфрақұрылым объекттерінің құрылысын жүзеге асыруды;
- «бір терезе» принципі бойынша тұрғындарға қызмет көрсету орталығының қызметі үшін қабылдау жерлерін ұйымдастыруды;
- арнайы экономикалық аймақтарды құру мақсаттарына жауап беретін қызметті жүзеге асыруда кіргізілген тауарлардың нақты пайдалануын растауды;
- қызметті жүзеге асыру туралы келісім жағдайларын орындау мониторингін.
«Хоргос — Шығыс қақпасы» АЭА Басқарма компаниясы «ҚТЖ» ҰК» АҚ еншілес компаниясы — «Көліктік логистиканы дамыту Ұлттық орталығы» АҚ қатысуымен құрылған.
Басқарма компаниясы бойынша АЭА туралы Заңның негізгі жағдайлары
- АЭА мемлекеттік басқаруынан жеке басқаруға көшу
- АЭА акционерлік қоғамның ұйымдастыру-құқықтық формасындағы Басқарма компаниясының мекемесі арқылы басқару
- ҚР Үкіметі мен жергілікті атқару органдарынан ЖАО басқа, Басқарма компаниясының құрылтайшылары қатарында дербес шетелдік және мемлекеттік емес заң тұлғары да бар
- Құрудың бастамашысы ретінде инвестор шықса, инвестормен бірге АЭА басқарма органын құру (бұл жағдайда, Мемлекетке 26% кем емес дауыс беру акциялары ұсынылады)
- Басқарма компаниясының басқару органдарының құрамына инвесторлар, ҚР Үкіметі және жергілікті атқару органдар өкілдері кіре алады.