«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығы» АҚ-сы
Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметінің арасындағы Келісімді жүзеге асыру аясында Алматы облысының Панфилов ауданындағы қазақстан-қытай шекарасында «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығын құру мақсатында өмірге келген мемлекеттік компания болып табылады.
Елбасы тапсырмаларына сәйкес, көліктік-логистика жүйесін кешендік қалыптастыру бойынша міндеттемелерді жүзеге асыру Қазақстан Республикасындағы логистика операторы ретінде «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясына жүктелді.
Бүгінгі күні Үкімет тапсырмаларына сәйкес, «ҚТЖ» ҰК» АҚ көліктік-логистика жүйесін кешендік қалыптастыруды жүзеге асыру бойынша қойылған міндет үшін мағынасы зор «Хоргос — Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағын құру және кешенді дамыту» сияқты ірі жобалардың бірін жүзеге асыруға кірісті.
«Хоргос — Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағын (бұдан әрі «Хоргос Шығыс қақпасы» АЭА) құру Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2010ж. 21 желтоқсанынан № 6225 тапсырмасын орындау, сонымен қатар 2020 жылға дейінгі Қазақстан Республикасы дамуының Стратегиялық жоспарының басты бағыттарына сәйкес қарастырылған.
«Хоргос — Шығыс қақпасы» АЭА негізгі мақсаттары
АЭА қызметінің приоритеттік түрлері ретінде анықталды
АЭА орналасқан жері
«Хоргос — Шығыс қақпасы» АЭА Алматы облысының Панфилов ауданында құрылуда, аумақтың жалпы көлемі 5 740 га құрайды.
АЭА негізгі құрамдас бөліктері
АЭА қатысушылары үшін қосымша басымдылықтар
АЭА сұрақтары бойынша өкілетті мемлекеттік органы
Қазақстан Республикасының индустрия және жаңа технологиялар Министрлігі арнайы экономикалық аймақтарды құру, қызмет жүргізу және ыдырату саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асырушы орталық атқару органы болып табылады.
АЭА құру, қызмет жүргізу және тарату саласындағы реттеу, мәлімдеушілерге қойылатын талаптар мен АЭА қатысушылары ретінде қызметті жүзеге асыру үшін мәлімдеуші тапсыратын құжаттар тізімін анықтау, оны арнайы экономикалық аймақтың бірыңғай атаусөзіне кіргізудің жалпы сұрақтары, сонымен қатар арнайы экономикалық аймақ қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыруға сұранымдарды қарастыру процедурасы 2011 жылғы 21 шілдеден № 469-VI «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Заңымен анықталған.
«Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, «Хоргос — Шығыс қақпасы» АЭА Тұжырымдамасы мен ТЭН жасалды, жоба ҚР Үкіметінде тіркелді.
«Хоргос — Шығыс қақпасы» АЭА құру туралы Президент жарлығына № 187 2011 жылғы 29 қараша күні қол қойылды.