АО «Международный центр приграничного сотрудничества «Хоргос»

«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығы» АҚ-сы
Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметінің арасындағы Келісімді жүзеге асыру аясында Алматы облысының Панфилов ауданындағы қазақстан-қытай шекарасында «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығын құру мақсатында өмірге келген мемлекеттік компания болып табылады.

Аумақтық орналасуы

«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының аумағы: Алматы облысының Панфилов ауданы орналасқан қазақстандық және Қытайдың Шыңжаң ұйғыр автономиялық ауданы Іле-Қазақ облысының аумағында орналасқан қытайлық екі бөліктен тұрады.

Қорғас шекаралық өткінінен Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласына дейін 321 км және ең ірі қалаларының бірі Алматы қаласына дейін 361 км. қашықтықта орналасқан.

«Қорғас» ШЫХО Қорғас шекара маңы қытай портынан 1км., ірі Құлжа қаласы- шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданынан жақындығы 90км., Үрімші қаласы ШҰАА әкімшілік орталығынан 670 км. қашықтықта орналасқан.

17

Қорғас өту пункті (бұдан әрі – «Қорғас» ӨП) Қазақстандағы ресми халықаралық мәртебеге ие екі маңызды магистральді автокөлік дәліздерінің бірі болып табылатын көлік дәлізінде орналасқан (негізгі еуропалық бағыттар желілеріндегі Азия тас жолдары құрамында халықаралық деңгейде ресми танылған).

Басқа қазақстандық автоөтпелдерден айырмашылығы Қытаймен шекарадағы «Қорғас» өту пункті маусымдық және климаттық жағдайларға жыл бойы жарамды болып табылады, Алматыға дейін Сарыөзек және Шелек арқылы үлкен жүк көліктеріне арналған екі автомобиль трассаларына одан әрі халықаралық тасымалдау дәліздеріне шыға алады.

«Қорғас» шекара маңы сауда-экономикалық аймағын құру алаңы 371 шаршы метр, Қорғас (Қытай) порт-қаласында орналасқан, Қытайдың батыс және шығыс өңірлерін байланыстыратын Үрімші – Ланьчжоу – Ляньюньгань негізгі темір жол магистралдарының жалғасы болып табылатын Үрімші – Құлжа – Қорғас темір жол тармақтарының құрылысын аяқтауға, еркін сауда аймағын қарқынды игеруге негізделген.

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Ляньюньгань – Үрімші (Қытай) Трансқытай темір жол магистралін қазақстандық тараптың Трансқазақстандық және орта азиялық көлік Ортаазия көліктік-өнеркәсіптік дәлізімен қосатын Қорғас темір жол тармақтарын салуды жоспарлады. Ол мыналарға мүмкіндік береді:

«Қорғас – Шығыс қақпасы» шекара маңы сауда-экономикалық аймағы арқылы экспорттық-импорттық және транзиттік контейнерлік тасымалдардың көлемін ұлғайтады және оны трансеуропалық және трансазиялық бағыттардағы халықаралық көліктік дәліздер жүйесіне қосады;

Қытай – Қазақстан – Орталық Азия – Ресей – ТМД – Еуропа елдері бағыттарындағы транзиттік және экспорттық тасымалдарды жүзеге асыру кезінде тасымалдаушының шығындарын азайтады.

«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығын одан әрі дамыту мен «Қорғас – Шығыс қақпасы» шекара маңы сауда-экономикалық аймағын құру Қазақстанның алдағы Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруін ескере отырып, Қытаймен шекара маңы ынтымақтастығын дамыту үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталуы тиіс.

Өз кезегінде сыртқы сауда операцияларын жүзеге асыру және тауарларды экспортқа шығару жөніндегі өнеркәсіп өндірістерін орналастыру үшін арнайы салық және кедендік режимді бере отырып, «Қорғас – Шығыс қақпасы» шекара маңы сауда-экономикалық аймағын және оның негізгі объектісі – құрлық портын құру «Қорғас» өту пункті арқылы экспорттық-импорттық және транзиттік операциялардың көлемін айтарлықтай ұлғайтуға мүмкіндік береді.