АО «Международный центр приграничного сотрудничества «Хоргос»

«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығы» АҚ-сы
Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметінің арасындағы Келісімді жүзеге асыру аясында Алматы облысының Панфилов ауданындағы қазақстан-қытай шекарасында «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығын құру мақсатында өмірге келген мемлекеттік компания болып табылады.

Компания миссиясы

«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығы» АҚ-сы Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы 

Үкіметінің арасындағы Келісімді жүзеге асыру аясында Алматы облысының Панфилов ауданындағы қазақстан-қытай шекарасында «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығын құру мақсатында өмірге келген мемлекеттік компания болып табылады.

«Қорғас» ШЫХО» АҚ-ның негізгі миссиясы-«Қорғас» ШЫХО-ның қазақстандық бөлігінде инфроқұрылымды құру, дамыту және қамтамасыз ету, қызмет түрлерінің Келісімде қарастырылған қазақстандық бөлігінде потенциалды инвесторларды тартуды жүзеге асыру.

«Қорғас» ШЫХО» АҚ-ның негізгі мақсаты

  • мемлекеттердің индустриалды-инновациялық саясатын жүзеге асыру;
  • шетелдік капиталды тарту арқылы аймақтың экономикасын жандандыру, инвестициялық ахуалды жақсарту;
  • бюджетке салықтық төлемдерді көбейту;
  • сыртқы сауда операцияларына халықаралық стандарттар жүйесін енгізу;
  • көліктік-логистикалық және импорттық, экспорттық, сондай-ақ, транзиттік жүк айналымына терминалдық қызметтерді дамыту;
  • Ұлы Жібек жолы бойында туризм, көлік және байланыс инфроқұрылымдарын дамытуды қамтитын халықаралық туризмді дамыту;
  • жергілікті мамандарды жұмыспен қамту және кадрлардың біліктілігін арттыру
  • болып табылады.

«Қорғас» ШЫХО» АҚ қызметінің негізгі түрлері

  • «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастық халықаралық Орталығының қазақстандық бөлігінде (Орталық) инфроқұрылымдарды құру, дамыту және қамтамасыз ету;
  • құрылу мақсатына жету жолында Орталықтың қазақстандық бөлігі аумағында қызмет ететін мемлекеттік органдармен және шаруашылық субъектілермен өзара әрекет ету;
  • Орталықты дамытудың ағымдағы, ұзақ мерзімді бағдарламаларын жасауға қатысу және жүзеге асыру;
  • Орталықтың қазақстандық бөлігі аумағында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметінің арасындағы Келісімде қарастырылған «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығының (одан әрі - Келісім) қызметін реттеу туралы қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін потенциалды инвесторларды тарту;
  • Келісімде қарастырылған және Орталықтың қазақстандық бөлігін басқару бойынша өкілетті органмен келісілген шаруашылық қызметі түрлерін жүзеге асыру.

«Қорғас» ШЫХО» АҚ жүзеге асыратын қызмет түрлері

  • Орталықтың жобалық-іздестіру, құрылыс жұмыстарын ұйымдастыру және инженерлік коммуникациялар мен құрылғыларын ұстау;
  • тұрғын үй-коммуналдық қызметін ұсыну;
  • Орталықтың аумағында жер телімдерін заңнамада қарастырылған тәртіппен субарендаға беру;
  • өнеркәсіптік, тұрғын және басқа да құрылыстар;
    өндірісте мемлекеттік саясатты жасауға және жүзеге асыруға, сыртқы нарықта экспорттық-бағдарлы азық-түліктерді өткізуге қатысу;
  • Қазақстан Республикасында ғылыми-техникалық, өнеркәсіптік және технологиялық даму бағдарламаларын қалыптастыруға, жүзеге асыруға, оның ішінде өндірісті құруға, кеңейтуге, қайта құруға техникалық бастапқы жарақтандыруға қатысу;
  • Қазақстан Республикасының және Қытай Халық Республикасының екі жақты сауда-экономикалық қатынастыра мен ғылыми-техникалық ынтымақтастығын кеңейтуге қатысу;
  • сауданы, логистиканы және туризмді дамыту;
  • инвестициялық жобаларды жасау мен жүзеге асыруға қатысу;
  • ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, консалтингтік, макетингтік тағы басқа да қызметтерді көрсету.